Саяси коммуникациялар

13.02.2023

Көрулер: 523

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы аясында “Адырна” қоғамдық қоры “Жастарды әлеуметтендіру және оңалту” жобасын ұйымдастыруда. Жоба шеңберінде жұмыссыз жастарға жаңа сала үйрету, жаңа мамандық бойынша білім беру мақсатында PR маманы Айбар Олжаймен шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара барысында қазіргі таңда үлкен мамандыққа айналған, табыс көзі жоғары мамандықтың қыр-сыры үйретіліп, қатысушыларға практикалық тапсырмалар көрсетілді. Жастар сұрақтар қойып, маманнан түрлі сауалдарға жауап алды.