Жаңа Қазақстанның дарынды жастары

13.02.2023

Көрулер: 649

2022 жылдың қараша айында Астана қаласында «Бөбек - жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастығының ұйымдастыруымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының студенттері арасында «ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ» халықаралық байқауы және «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның дарынды жастары» атты республикалық форум өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы «Қоғаммен байланыс» бөлімінің 2-курс студенттері Зарина Топыш пен Құрман Құралай «ТМД-ның үздік студенті» І, II дәрежелі Дипломдарымен, «Жылдың үздік студенті» медальдарымен және І дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Жоба жетекшісі, ф.ғ.к. С.Б.Борибаеваға «Бөбек - жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастығы атынан 2 «Алғыс хат» берілді.