Түркі дүниесі Журналистер Федерациясының мүшелерімен кездесу

10.02.2023

Көрулер: 528

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Түркі дүниесі Журналистер Федерациясының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге факультет деканы Нұржан Қуантайұлы, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының профессорлары мен оқытушылар құрамы, студенттер және магистранттар қатысты. Кездесу барысында Түркі дүниесі Журналистер Федерациясының президенті, Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалінің ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мендерес Демир мырза Түркі дүниесі Журналистер Федерациясымен ынтымақтастық орнатып, қолдау көрсетіп жүрген оқытушыларға «Алғыс хаттар» тапсырды. Кездесуге келген Түркияның журналистері өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ журналистерге пайдалы ақыл-кеңестерін айтты. Бұл кездесудің негізгі мақсаты - Түркі әлемінің кино және медиа саласында ынтымақтастық орнату болып табылды.