«Пресс-конференцияны ұйымдастыру және өткізу»

07.11.2019

Көрулер: 1631

2019 жылдың 7 қазанда  ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа  кафедрасында бекітілген  ашық сабақ кестесіне сәйкес  аға оқытушы Н.Б. Мухамедиеваның «Арнаулы іс-шаралар» пәнінен  «Пресс-конференцияны ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы ашық сабағына қатыстық. Сабақ силлабуста белгіленген тақырыпқа сәйкес  Пресс-конференцияны  насихаттауға арналды.

            Сабақта қолданылған материалдар практикалық негізге ие, теориямен тығыз ұштасады. Дәріс барысында нақты мысалдарға негізделген ауқымды теориялық материалдар мен үлестірмелі материалдар қолданылып, сұрақ-жауап барысында пайдаланылды. Студенттер белсенділік көрсетіп,  тақырыпты қызығушылықпен талқылады. Студенттер үшін сабақ тақырыбы болашақ практикалық машық қалауға мүмкіндік береді.