Таза ауадағы қысқы серуен

02.02.2019

Көрулер: 2579

2019 жылдың  ақпан айының  2-шы жұлдызында, яғни сенбі күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының 3-ші курс студенттері топ кураторлары Мұсаева Баян Асқарқызымен бірге қысқы серуенге шықтық.

 Тамаша демалысты қала сыртында орналасқан лесная сказка демалу кешенінде өткіздік. Таза ауада өткізілген бұл шараның басты мақсаты- жастарға салауатты өмір салтын дәріптеп қана қоймай, бір уақыт интернеттен бас тартып, құрбы-достармен шынайы қарым қатынаста таза ауада бой сергіту.

Қала сыртындағы  демалу кешенінде өткізілген естен кетпес демалыс барлық студенттердің көңілінен шыққаны рас. Шаңғымен сырғанап, коньки теуіп, үрленбелі арнайы баллондармен таудан сырғанадық. Демалыс орнында барлық жағдайлар жасалған екен, дәмханаларынан тамақтанып,тоңғандарымыз ыстық шай ішіп жылынып алдық. Жас балаша шуылдасып, еркін әңгімелесіп, жадыраса күліп, интернет тұрмақ ұялы телефондарымыздың бар екенін де ұмытып кетіппіз.

Сенбі күнгі демалысымыз, шынында да естен кетпестей қызықты болып өтті.

Біздің топ осындай таза ауада өтетін демалыстарды жылдың әр мезгілінде жиі өткізіп тұрамыз. Оған басты себеп, топ студенттерінің  ұйымшылдығы мен ауызбірікшілігі екенін мақтанышпен айта аламыз. Студенттер естелікке суретке түсіп ,тамаша көңіл-күймен, демалыстан алған жақсы әсерлерімен үйлеріне тарқасты.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық байланыс кафедрасының оқытушысы – Мұсаева Баян Асқарқызы