«Тіл мерейі, ел мерейі» атты табиғат аясында мерекелік іс-шара

География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорлогия және гидрология кафедрасының  3 курс студенттернің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл мерейі, ел мерейі» атты табиғат аясында  мерекелік іс-шара ойын өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырудың басты мақсаты  жас ұрпақты ана тілің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру

Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы.

Мерекелік іс-шара табиғат аясында Бірінші Президент паркінде өткізілді. Студенттер дайындаған  тіл туралы өанатты сөздерін, мақал-мәтелдерін, зеректіліктерін, шешендік қабілеттерін көрсете отырған танымдық ойындар ұйымдастырды. 3 топқа бөлініп логикалық сұрақтар сайысына, тіл эайлы 4-5 минуттық көрністер көрсетіп, мерекелік іс-шараны жандыра түсті. Әр студент өзінің тіл мәселесі жайлы көз-қарастарын, ойларын жеткізіп, нақыл сөздермен, ұлы жазушылармыздың шығармашылықтармен де бөлісе отырды. Іс-шара өте танымды, қызықты, пайдалы өтті. Жеңімпаз топ арнайы сыйлықтармен мараптталып,естелік суреттерге түсумен жалғасты.

Басылым күні :  28.10.2019