Студенттерге ғылыми зерттеулер бойынша ақпарат

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінде сәуір айында жыл сайын студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Әл-Фараби оқулары» атты халықаралық ғылыми апталығы өтеді. Ғылым апталығы аясында «Метеорология» және «гидрология» секциялары бойынша студенттер мен жас ғалымдарға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

«Заманауи жағдайларда жастарды діни және тәжірибелік тәрбиелеу: тәжірибе, мазмұны және даму перспективалары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция хаттамасына сәйкес үздік студенттік ғылыми жоба конкурсы ұйымдастырылды.

«Жастар ғылымда» атты халықаралық форумы аясында «Ғылым және жастар инновациясы: таңдау мен жаңарту стратегиялары» атты жас ғалымдардың халықаралық тәжірибелік конференция өтті.

Кафедрада «Гидролог» және «Метеоролог» атты ғылыми студенттік үйірмесі жұмыс істейді. Ғылыми жұмыстарға қызығушылық танытқан студенттер оқытушылармен бірге тақырып таңдап, бірнеше жылдар бойы ғылыми жұмыспен айналысады. Ғылыми жұмыс нәтижелері үйірме отырыстарында және курстық, дипломдық жұмыстар қорғауда айтылады.