Желтоқсан – қазақтың шерлі шежіресі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы 2020 жылдың 15 желтоқсанында ZOOM платформасында филология ғылымдарының кандидаты Рамазанова Шайгүл Әмірғалиқызы мен қазақ филологиясы 1-курс магистранттарының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – қазақтың шерлі шежіресі» атты кураторлық сағат өткізілді. Магистранттар қазақ халқының қанды тарихы, шерлі шежіресі туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Әр ұлттың  бойтұмар етіп, қастер тұтатын өз құндылықтары болады. Қазақ ұлты үшін 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де солай. Желтоқсан – ұлттың жан жарасы, қазақтың қасиеті мен қасіреті. Биыл осы қанды шежіреге 30 жыл тола­ды. Ойлап қарасаңыз, тарихи әділдік салтанат құруы үшін аз уақыт емес.

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн! Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін!

Басылым күні :  16.12.2020