Абай сөзінің лингвопоэтикасы

 

     "Абайтану. Таңдамалы еңбектер" көп томдық басылымының 44-томында Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, республикаға танымал грамматист-ғалым, филология ғылымдарының докторы Анар Бекмырзақызы Салқынбайдың "Абай сөзінің лингвопоэтикасы" еңбегі жарық көрді. Аталған еңбекте Абай поэзиясындағы сөз мағынасы мен мәні мәдени-танымдық бағытта сараланып, лебіздің лингвопоэтикалық сыры зерттелген. Көркем мәтін сематикалық кеңістігінің негізгі әмбебап сипаты "адам", "уақыт", "кеңістік" тұрғысынан талданып, мәтін мәнінің терең динамикасы, мәтін бүтіндігі мен даралығы айқындалады. Бұл еңбек студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, жалпы филолог-ізденушілерге, ғылыми қауымға және көпшілікке арналған.
     Қазақ тіл білімі кафедрасының ұжымы  Анар Бекмырзақызын осы қуанышпен құттықтайды!

 

 

Басылым күні :  02.12.2020