«Ақ айдынға тоғытып жыр кемені...» атты Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші өтті.

 17 наурыз күні «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Ақ айдынға тоғытып жыр‑кемені...» атты Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші өтті. 

Кешке: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Темірхан МЕДЕТБЕК, Қазақстан Жастар одағы және «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Маралтай ЫБЫРАЕВ, Фариза Оңғарсынова қорының президенті Алмагүл Махизқызы ОҢҒАРСЫНОВА қатысты.

          Халқымыздың ақын қызы Фаризаның өлеңдері мәңгі жасай бермек.

 

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы

Басылым күні :  03.04.2015