2019-Жастар жылы

 Бүгін білім жүйесі, жер, тұрғын үй мәселесі, құқық қорғау органдары өзге де өзекті тақырыптарды қаузаған Назарбаев жастарды да назардан тыс қалдырмады. 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.  «Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсіну керек.

Ал мұны жеткізу біздің міндетіміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бәрі қолдады. Оған қосымша «Бес әлеуметті бастаманы» көтердік», - деген Елбасы жастар мен отбасы институтын қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екендігін ескертті.  «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Бұған қатысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі тарих факультетінің деканы Тілеген Садықов пікір білдірді. Ол Елбасының бүгінгі Жолдауын «жас мамандарға жарқын жол ашқан бірден бір жолдау» деп есептейді. Осы жоба негізінде Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ да  бұрын соңды болмаған жастар форумы болып өтті.

Мақсат жастарды ел басының жолдауымен жете таныстырып,өз мақсат міндеттерін ашып көрсету. Аталмыш форуымда қазақ филологиясы мамандығының 201 топ студенттері толыққанды қатысып,өз мүмкіндіктері,бастамалары мен пікірлерін ортаға салды!

Басылым күні :  05.02.2019