«Рухани жаңғыру және ұлттық сана»
2018 жылдың 19-28 ақпан аралығында «Лингвоарна» ҒЗжОӘ орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі және «Ұлт болмысы» РПӘТЖ журналының бірлесуімен «Рухани жаңғыру және ұлттық сана» атты ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өтті. Ғылыми-әдістемелік онлайн-семинардың мақсаты білім беру бағдарламаларының жаңа өзгерістерге бейім болуы мен заманауи білімді меңгеруге қабілеттілікті дамытатын қазақ және басқа да тілдердің озық жүйесінің бағыт-бағдарын айқындау, оқыту сапасын арттыруды көздеді.
Ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар жұмысының бағыттары мынадай бағыттарды құрады:
1. Латын әліпбиі – қазақ тілінің даму кеңістігі;
2. Білім берудегі рухани сананың жаңғыруы – ұлттық код;
3. Тарих, тіл мен әдебиет байланысы – рухани дәстүрлер құндылығы;
4. Қазақ тілін оқытудың жаңа сапалық деңгейі;
5. Үш тілді меңгеруге бейім азаматтық қоғам;
6. Адами капитал – жаңғыру негізі.






