Профессор Х.М. Сайкиевтың туылғанына 100 жыл

Профессор Х.М. Сайкиевтің 100 жылдық мерей тойына арналған «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен   орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2014 жылдың 11 желтоқсанында «Истинный рыцарь науки» атты тақырыпта дөңгелек   үстел өткізді.

Кештің қадірлі қонақтары профессор Халаби Мұхитұлының туыстары, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ардагерлері доцент Р.С. Қожамқұл, профессор Г.В. Ким болды.

Дөңгелек үстелді филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдиманұлы ашты. Х.М. Сайкиевтің жарқын өмірі туралы және біздің университеттегі оның 40 жылдық еңбегі туралы   орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Б.Ө. Жолдасбекова баяндады. Р.С. Қожамқұл   өзінің ғылыми жетекшісінен кейін 1967 жылы орыс тілінен диссертациясын қорғады. Ол өзінің оқытушысы туралы естеліктерінде 18 оқулық пен оқу құралдарының, қазақ және орыс тілінің салыстырмалы грамматикасы жөніндегі 30-ға жуық ғылыми еңбектері мен монаграфия авторы жайында сөз қозғады. Рената Серәліқызы әл-Фараби кітапхана қорына салтанатты түрде Х.М.Сайкиевтің кандидаттық диссертациясын өткізді. «Халаби Мұхитұлы - қазақ тілінің және орыс тілінің нағыз шебері. Ол   бірқатар орыс тілі пәнінің мамандарын дайындады. Ол - ерекше интеллигент, аса келбеттілігімен ерекшеленген талантты және алғыр адам еді», - деп өз естеліктерімен кеш қонағы-оқушысы Ким Галина Васильевна бөлісті. «Халаби Мұхитұлына деген сүйіспеншілік пен әсерлі естеліктер жанымызға жылу ұялатты», - деп ұлы ғалым Х.М. Сайкиевтің туыстары факультет және кафедра ұжымына өз алғыстарын білдіріп жатты. Дөңгелек үстелге келген өзге қонақтар ғалымның ғылым жолындағы еңбектері жөнінде баяндамалар жасады. Ал факультеттің бүгінгі шәкірттері келген қонақтарды шағын музыкалық қойылымдармен қуантты.

    

Басылым күні :  14.03.2015