Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 

 

 

 

 

2022 жылы «Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы «Филология»білім беру бағдарламалары тобының құрамында барлық деңгейлер бойынша(бакалавриат, магистратура, докторантура) АРТА рейтингі бойынша 1орынды иеленді. «8D01704-Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасыда 1 орынды иеленді.
«Орыс филологиясы және әлем әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Демченко Алена Сергеевнаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ғылым саласындағы сыйлықтар және мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды. Материалдарды қарау және 2022 жылы марапаттау шешімдерін дайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының шешімі негізінде.

 

 

 

 

 

 

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Баян Өмірбекқызы Жолдасбекова мәдениетаралық диалогты, азаматтық бейбітшілік пен келісімді дамытуға, ұлттық мәдениеттер мен мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды жақындастыруға және өзара байытуға қосқан үлесі үшін «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Марапаттау туралы бұйрыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

"Қазақстан халқының бірлігі" медалі ("Бірлік") - Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы еңбегі үшін қазақстандық және шетелдік азаматтарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды, азаматтық қоғам институттарын қоғамдық мойындау мен көтермелеудің жоғары белгісі.

Біздің кафедра «Филология» (магистратура және докторантура) және «Орыс тілі мен әдебиеті» (Бакалавриат, магистратура және докторантура) саласындағы аккредитациялау және рейтингтеу тәуелсіз агенттігі (НААР) бойынша 1 орын алды. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі бағалауымен «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурада 1 орын және бакалавриатта 2 орын алды.


ACQUIN, Аккредитациялай, сертификациялау және сапаны қамтамасыз ету институты (Германия) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Филология» мамандығына сапа сертификаттарын берді.

 


Профессор Туманова А.Б. РУДН университетінде, Ресей, Халықаралық конференцияға қатысты  (желтоқсан 2017).

Профессор Салханова Ж.Х. Дюссельдорф университетінде, Германия, «Германиядағы жоғары білім беру сапасын басқару» курсын аяқтады (2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында).  
Профессор Салханова Ж.Х.  Цукуба университетінде, Жапония, Халықаралық симпозиумға қатысты  (мамыр 2017).
Руслан Шанаев - "Үздік эдвайзер" (17.02.2017)
  Профессор Салханова Жанат Хамарқызы - 2016 жылдың "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы!"
  14.04.2015 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығына орай ҚазМемҚПУ-де ұйымдастырылған жоғары оқу орындары арасындағы орыс әдеби тілі білгірлерінің Қалалық сайысында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің орыс филология, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының жетекшілігімен жүлделі I орынды студенттер тобы иеленді.
  Доцент Э.Т. Какильбаева Халықаралық Невада-Семей Антиядролық Қозғалысының әр жылдық мерекелік медалімен марапатталды (05.03.2015)
  Профессор А.Б. Туманованың Мазурлық университеттің (Польша, Ольштын қ.) ұйымдастыруымен "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері" атты тақырыптағы жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына арналған екі апталық кәсіби біліктілікті арттыру курсынан өту туралы куәлігі.
  Профессор Ли В.С. "Ғылыми аналитика бойынша ашық Еуропа-Азиялық біріншілігі" ғылыми-аналитикалық жобасына қатысқаны үшін Халықаралық ғылым және жоғарғы білім беру академиясының (МАНБО, Лондон, Ұлыбритания) дипломымен марапатталды. Лондон, 2014. Диплом "Тілдік мәдениет пен субмәдениет және олардағы заманауи коммуникативті тенденциялардың айтқындалуы" жұмысы үшін.
  Профессор Ли В.С. "Ғылыми аналитика бойынша ашық Еуропа-Азиялық біріншілігі" ғылыми-аналитикалық жобасына қатысқаны үшін Халықаралық ғылым және жоғарғы білім беру академиясының (МАНБО, Лондон, Ұлыбритания) дипломымен марапатталды. Лондон, 2014. Диплом "Тілдік ойын адресатқа әсер етудің құралы ретінде (газет жарияланымдары мәтіндерінің материалы бойынша)" жұмысы үшін.

2014 ж. Қазақстан Республикасының ҒҰА-ның корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы "Женщина - ученый" номинациясымен марапатталады.
  
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің кубогымен футболдан "Орыс тілі және әдебиеті" мамандығы бірінші орын алғаны үшін марапатталды.
  Қазақстан Республикасының оқу орындары ішінде "5В020500 - Русская филология" мамандығы бакалавр мамандығы арасынан екінші орынды иеленді.
  Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы Қазақстан Республикасының білім саласында өткерген еңбегі ушін "БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" құрмет орденімен марапатталды.
  Оқытушы профессорлар құрамы және филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері орыс филология, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспонденттер мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жолдасбекова Баян Өмірбекқызын 2014 жылдың "Университеттің үздік оқытушысы" атағын иленуімен құттықтайды.

2014 жылы "Университеттің ең үздік кафедрасы" конкурсында орыс филология, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы үшінші орынды иеленді.