Оқиғалар күнтізбесі

2014 жылы 11 желтоксанда орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Х.М. Сайкиевтің 100-жылдық мерейтойына арналған семинар өтті.


25 сәуірде 2014 ж. «Қазақстанның полимәдениеттік кеңістігіндегі әдебиет және тіл» Халықаралық ғылыми конференциясы V1 Бағысбаев оқулары өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 308 аудиториясында 2014 жылдың 14-28 сәуірі аралығында Ресей халықтар достастығы университетінің профессоры Коваленко Александр Георгиевич «История русской литературы 20-го века: тенденции, школы, направления» атты тақырыпта дәріс оқыты.

2014 жылдың 26 наурыз - 8 сәуір аралығында орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасында "Системный подход к изучению текста и стиля" тақырыбы бойынша дәріс пен семинар курсы жүргізілді. Дәрісті оқыған - ф.ғ.д., П. Лумумба атындағы Ресей халықтар достастығы университетінің профессоры Ольга Ивановна Валентинова.


2014 жылы 27 ақпанда орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған "Русский язык и литература в условиях кредитной технологии" атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

2013 жылы 25 қарашадан 7 желтоқсанға дейін орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының докторанттары мен магистранттарын дайындау аясында Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің профессоры орыс грамматикасының өзекті мәселелеріне арналған дәріс оқыды.

26 сәуірде 2013 ж. V Бағысбаев оқулары аясында Орыс мәдениетінің күні-2013 өтті.

25 сәуірде 2013 ж. «Қазақстанның полимәдениеттік кеңістігіндегі әдебиет және тіл» Халықаралық ғылыми конференциясы V Бағысбаев оқулары өтті.

2013 жылы 20 сәуірден 4 мамырға дейін кафедра шақыруымен ф.ғ.д. Гранада университетінің профессоры Р.Тирадо Гусман «Теориялық және қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері» атты дәрістер курсын оқыды.

22 ақпанда 2013 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы профессор Қ.Қ. Ахмедьяровты еске алуға арналған «Кредитті технологиялар жағдайындағы орыс тілі: тәжірибе және болашағы» атты Республикалық ғылыми семинар-тренинг ұйымдастырып, өткізді.