Механика кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы "Алматыэнергосервис " ЖШС-де болды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің механика кафедрасының профессор-оқытушылары мен докторанттары "Алматыэнергосервис " ЖШС-де болды.

2019-2020 оқу жылының басында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен "Алматыэнергосервис" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы шарт жасалып, "Алматыэнергосервис" ЖШС-де механика кафедрасының филиалы ашылды.

"Алматыэнергосервис" ЖШС - 3D-сканерлеу базасында бөлшектерді прототиптеумен айналысатын өндірістік-сервистік кәсіпорын, автомобиль және мұнай өнеркәсібі мен ТКШ үшін тораптардың, агрегаттардың бөлшектері, сондай-ақ әскери қолданыстағы электр техникалық және электрондық жабдықтар шығаратын кәсіпорын.

Кәсіпорынды аралау барысында механика кафедрасының оқытушылары мен докторанттары конструкторлық бюро, электромонтаж және жөндеу учаскелері, механикалық өңдеу, 3D сканерлеу, өңдеу, басқару блоктары мен платаларын жасау, сондай-ақ дайын тренажерлардың цех-терминалымен танысты.

Кәсіпорын басшылығымен кездесуде бірлескен қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындау жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ бірлескен ғылыми қызмет нәтижелері бойынша грант алуға арналған бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу талқыланды. Тараптар "Жел генераторларын жобалау және әзірлеу", "Роботталған жүйелердің динамикалық сипаттамаларын әзірлеу","Роботталған қол","Медицинада одан әрі қолдану үшін буындардың протездерін әзірлеу" бағыттары бойынша меморандум жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Соңында тараптар ықтимал ынтымақтастық перспективаларын айтып, бірлескен ғылыми-практикалық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Туралина Д. Е., ф.-м. ғ. к., механика кафедрасының доценті,

«Механика» ББ координаторы,

Жумашева Ж. Т.,

т. ғ. к., механика кафедрасының доценті,

«Робототехникалық жүйелер» ББ координаторы.

Басылым күні :  18.01.2021