Докторант Б.Берденованың шетелдік ғылыми тағылымдамасы жөнінде International Institute for Carbon-Neutral Energy Research (WPI-I2CNER), Жапония

Механика кафедрасының докторанты Б.А. Берденова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламасы бойынша жазда екі айлык (10.06.2017-15.08.2017) ғылыми тағылымдамадан өтті. Ол шетелдік ғылыми жетекшiсi профессор Б.Б. Саханын лабораториясында (Кюсю университетінiн   көміртегі-бейтарап энергетикалық зерттеулердің халықаралық институтында (WPI-I2CNER), Фукуока каласы, Жапония) тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізіді. Зертханада жүргізілген ғылыми семинарларға қатысып, жұмысының барысы туралы презентациялар жасап, баяндады.

   Докторлық диссертациясының тақырыбы «Энергия сақтау және салқындату жүйелерінің жоғары тиімді әдістеріне арналған негізгі және композит белсендірілген көмірдің адсорбциялық сипаттамаларын зерттеу».

  Докторанттың шетелдік ғылыми жетекшісі, проф. Бидыут Баран Саха адсорбциялық үдерістерде және адсорбциялық процестерді іс жүзінде қолдануда әлемдегі жетекші мамандардың бірі, тақырып бойынша 150-ден астам жарияланымдары бар.

  Отандық ғылыми жетекшісі - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша мол тәжірибеге ие және Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі профессор Айдархан Қалтаев болып табылады

  Зерттеу жұмысы практикалық маңызды болып табылады, яғни адсорбциялық салқындату жүйелерінің жұмысын оптимизациялау, АСО жұмысының өнімділігін арттыру үшін адсорбент/адсорбат жұбының характеристикаларын жақсарту, осы материалдардың тиімділігі жоғары энергия сақтау әдістерінде пайдаланылу мүмкіндіктерін зерттеу қаралатын болады. Сондықтан, ғылыми-зерттеу тәжірибелік маңызға ие.

  Ғылыми жетекші зертханасымен танысу және одан әрі ынтымақтастық орнату әрбір докторанттың докторлық диссертациясын табысты қорғауға және тұтастай ғылыми қызметкер ретінде дамуына басты себеп болып табылады.

Басылым күні :  22.05.2018