Пандемия жағдайында Республикалық ЖОО білім беру жағдайы

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус (COVID-19) пандемиясына байланысты жаппай карантин шараларының енгізілуі барлық  деңгейдегі білім беру жүйелерін қашықтықтан оқытуға алып келді.            2019 жылдың аяғында шыққан COVID-19 пандемиясы созыла ма, әлде тоқтай ма? Биылғы оқу жылында наурыз айында басталған пандемияның адамзат қызметінің барлық саласына әсері қандай? Пандемия салдарынан Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының онлайн форматқа көшу кезіндегі білім беру сапасы қандай? – деген сұрақтар бүгінгі таңда өзекті болып отырғаны анық. Осы орайда Қазақстан жоғарғы оқу орындарының Бас рейтингісінің көшбасшысы, ел тарихында тұңғыш рет «Сапа саласында жетістіктері үшін» ҚР Президиенті сыйлығының лауреаты атанған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті және Қазақстанның батыс аймағындағы ерекше білім беру және ғылым саласындағы көп жылдық тәжірибесі бар ерекше университеттердің бірі -  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасында «Пандемия жағдайында Республикалық ЖОО білім беру жағдайы» атты вебинар өтті. Вебинар кезінде  қарстырылып отырған мәселелер, әсіресе, білім алушылар мен оқытушыларды қатты алаңдататын жағдай – білім сапасын төмендетпеу, қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде білім беруде қолданатын платформаларда жұмыс жасаудың методологиялық аспектілері кеңінен талқыланды.

Басылым күні :  04.12.2020