Біздің жұмыс берушілер

 

"Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС  – Алматы қаласындағы ең ірі жылу энергиясын өндірушілердің бірі. Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы саласында қызмет етеді. Инженерлік қызмет шеңберінде қазандықтарда су дайындау жабдығына техникалық және сервистік қызмет көрсету, жабдықты тексеру, техникалық қызмет көрсету қаражаты есебінен ұсақ жөндеу, қосымша қаражат есебінен тораптарды ауыстыра отырып жөндеу, пайдалану бойынша режимдік карталар мен нұсқаулықтарды түзету және пайдалану персоналын оқыту бойынша жұмыстарды жүргізеді. "Жылуэнергетика" студенттерінің практика базалары бойынша кафедраның серіктесі болып табылады.

 

 

KEGOC "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) АҚ Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды. "KEGOC" АҚ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) активтерін иеленеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компанияда 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. "Самұрық-Қазына"мемлекеттік холдингінің құрамына кіреді. Компанияның миссиясы-қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық сын-тегеуріндерге, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуі және тиімді дамуы. "Жылу энергетикасы" және "Техникалық физика" білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу қызметі және кәсіптік практикасы бойынша кафедрамен белсенді ынтымақтастық жүргізеді.

 

 

АЕТИ- Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты (бұрынғы АБПИ) Қазақстанда ақпараттандыру, басқару саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді қарқынды және мақсатты түрде дамыту үшін 1991 жылы қыркүйекте республиканың ақпараттандыру бағдарламасын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Институт штатында 217-ден жоғары қызметкерлер жұмыс істейді: 4 академик, ҚР ҰҒА-ң 1 мүше-корреспонденті, 42 ғылым докторы, 42 ғылым кандидаты. Институтта 39 жасқа дейінгі 90 жас ғалымдар еңбек етеді. Институттың мақсаты: қоғамда ақпараттандыру және ақпарат, басқару және модельдеу саласында іргелі зерттеулер мен қолданбалы әзірлемеліктер орындау.

Институттың ғылыми жұмысының негізгі бағыттары:

  • Ақпараттық және есептеуіш технологиялар;
  • Ақпараттық қауіпсіздік;
  • Жасанды интеллект;
  • Нарықтық экономика үлгісінде желілік емес динамикалық жүйелерді реттеудің параметриялық теориясы;
  • Бейнелерді тану, жіктеу және шешімдер қабылдау теориялары;
  • Динамикалық жүйелерді оңтайландыру және оңтайлы басқару;
  • Күрделі нысандарды болжамдау мен басқарудың интеллектуалдық эксперттік жүйелерін құрудың модельдерін, әдістерін және ақпараттық технологияларын әзірлеу;
  • Динамикалық, техникалық, экономикалық жүйелерді және олардың қосымшаларын математикалық модельдеу мен басқару;
  • Қазақ сөйлеуін синтездеу мен тану проблемалары;
  • Ақпараттық жүйелердің модельдері мен мамандандыруларының тоериясы;
  • Робототехникалық жүйелер және 3D-принтинг;
  • Data mining және Big Data;
  • Сандық технологиялар;
"Жылу энергетикасы" және "Техникалық физика" білім беру бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттардың кәсіби практика базалары бойынша кафедраның тұрақты серіктесі болып табылады.


   Мемлекет басшысының тапсырмасы және Қазақстан Үкіметі белгілеген даму жолдары бойынша жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) игеру мақсатында және осы саладағы жобаларды іске асыру үшін 2012 жылғы 25 қаңтарда "Samruk-Green Energy" ЖШС еншілес компаниясы құрылды. "Samruk-Green Energy" ЖШС жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, энергия өндіру саласында қызметті жүзеге асыратын серпінді дамып келе жатқан кәсіпорын болып табылады. Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 2 МВт күн электр станциясы  "Samruk-Green Energy" ЖШС-нің алғашқы жобасы болып табылады, оның ресми іске қосылуы 2013 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен болған. 2015 жылдан бастап 2МВт CЭС өнеркәсіптік ауқымда EnergyPod электр энергиясын шоғырландырудың ТМД және Орталық Азия аумағындағы алғашқы технологиясын қоса алғанда, ЖЭК инновациялық технологияларын тестілеуге арналған алаң болып табылады. 
Қазіргі уақытта серіктестік жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін алдын ала әзірлей отырып, "Қапшағай қаласы ауданында 200 МВт дейін кеңейту перспективасымен "Solar Park" ("Күн паркі") 50 МВт күн электр станциясының құрылысы" жобасын іске асыру мәселесін қарастыруда. 
Білім, ғылым және инновация саласындағы кафедраның ресми серіктесі және филиалы болып табылады. Кафедра студенттері мен магистранттарының кәсіби тәжірибелерін қамтамасыз ету бойынша басты серіктестердің бірі болып табылады.