Ұлы даланың Жеті қыры

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мейрамын зор ықыласпен атап өтті! Дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдерімен бірге алма бағы отырғызылды. Ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдық және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелеріне арналды.

Кафедра оқытушылары университеттік "Наурыз" тойын тойлауға атсалысты. "Наурыз" тойы университетіміздің Әл-Фараби алаңында  киіз үйлер тұрғызылып, әсем әуендер шырқалып және ұлттық киімдегі университет оқытушылары мен студенттері тойдың сәнін келтірді. 

Ректордың құттықтау сөзімен басталып, ҚазҰУ-нің әлемдік аренадағы жетістері тоқтала өтіп, университеттегі үздік факультеттерін марапаттаумен ұласты. 

Кампус аумағында 25 киіз үйден этноауыл құрылды. Мереке қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татты, киіз үйлерді аралады, алтыбақанда тербелді. Шағын ауданның қонақтарына 500 кг. бауырсақ, 200 кг. палау және 700 литр наурыз көже дайындалды. Ұлдар мен қыздар ұлттық әндер айтудан жарысты, музыкалық аспаптарда ойнап, ән шырқады. Сонымен қатар күшті әрі батыл жігіттер ұлттық спорт түрлеріне қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Сондай-ақ қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары, кәдесыйлар мен кітап жәрмеңкесі де жұмыс жасады. 


Басылым күні :  17.04.2019