ЖЫЛУФИЗИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫНДА СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2018 жылдың қараша айының 29 күні  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерді заманауи жылуэнергетика саласының ғылыми–танымдық мәселелеріне тарту мақсатында «Менің мамандығым - болашақтың мамандығы: жылуэнергетиканың қазіргі күйі мен даму болашағы» атты студенттік ғылыми-танымдық конференция  өткізілді.

Конференция жұмысы негізгі үш секция бойынша ұйымдастырылды:   

Секция 1. «Жылуэнергетика мамандығының ел экономикасын дамытудағы рөлі»       

Секция 2. «Жылуэнергетика қоршаған ортаға әсер етудің маңызды көзі ретінде»

Секция 3. «Қазақстан Республикасындағы жылуэнергетика саласындағы зерттеулер»

Конференцияға жылуэнергетика мамандығының 1 курсының 131, 133, 135 топ студенттері тартылып, жылуэнергетика саласының қазіргі күйі мен заманауи мәселелерін қамтыған ғылыми-танымдық бағыттағы 20-ға жуық баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар конференцияға шақырылған қонақтармен сұхбат өткізіліп, энергетиканың өзекті мәселелері талқыланды. Алматы қаласындағы жылуэлектр станциясының (ЖЭС-2) маманы, Университетіміздің жылуэнергетика мамандығы бойынша алғашқы магистрант түлегі Төлебиев Әлішер Сағынғалиұлы студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, өндіріс орындағы мамандардың қызметінің ерекшеліктерін баяндап берді.

Конференция соңында қорытынды сөз алған жылуфизика және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі, профессор С.А. Бөлегенова студенттердің ғылыми ізденістерінің теориялық дайындықтарының жоғары болғанын атап өтті, конференцияға қатысқан студенттерге тілек білдіріп, алғыс айтты. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру мақсатында кафедраның айналысатын ғылыми жұмыстарының бағыттары туралы баяндап берді. 

Басылым күні :  07.12.2018