Дін – апиын. Егер...» тақырыбында Республикалық дәрежедегі ашық тәрбиелік сағат өтті
2021 ж. сәуір айының 14 жұлдызында Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Дін – апиын. Егер ...» тақырыбындағы Республикалық дәрежедегі ашық тәрбиелік сағат болып өтті. Ашық тәрбиелік сағат ZOOM платформасында, онлайн фоматта болды.
Тәрбиелік сағатқа қонақ ретінде Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, «Мәртөк» жастар ресурстық орталығының теологы Ералин З.А, ҚМДБ, Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Бас имамы, исламтанушы Исабек А. және дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Құрманалиева А.Д, кафедраның оқытушылар құрамынан PhD, аға оқытушы Шағырбай А., аға оқытушы Есболова М., дінтану және мәдениеттану кафедрасы, дінтану мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты.
Қонақтар Исабек А. «дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің», жастар арасындағы әлеуметтік проблемаларды шешуде исламның ықпалы тақырыбында, Ералин З.А қоғамдағы діни ахуал, қоғамдағы діндарлану үдерісі жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, қонақтар студенттердің «құлшылықтарды онлайн орындауға бола ма», «дінтану мамандығының қоғамдағы беделі», «діни атрибуттар адам сенімінің өлшемі бола ала ма» сияқты т.б бірқатар түйіткілді сауалдарына жауап берді.
Республикалық тәрбиелік сағатты Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушы, PhD Мұқан Н. мен дінтану және мәдениеттану кафедрасы, исламтану мамандығының 1-курс магистранты Жұмасейіт Қ. ұйымдастырды.






