«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Мәдени туризм және пандемия» атты Халықаралық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті.
2021 жылдың 20 сәуір күні сағат 13.00–де «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы, «Мәдениеттану» мамандығының 1 курс магистранттары және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Мәдени туризм және пандемия» атты Халықаралық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жан жақты Қазақстандағы туризм мәселесі қарастырылды. «Дінтану», «Психология», «Әлеуметтану» мамандықтарының магистранттары осы орайда өз ойлары мен идеяларын ортаға салды. АлИталия республикасы, Милан қаласы “II Politecnico è un’universitá scientifico Che forma architetti e designer” университетінен қатысқан эксперт Еуропадағы мәдени ахуалды айтып өтті.Осындай ғылыми, әрі достық нотада қызықты бас қосу өтті.
Ұйымдастыру ұжымы: «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы, «Мәдениеттану» мамандығының 1 курс магистранттары және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы






