«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті» атты республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті.
2021 жылдың 17 сәуір күні сағат 14:00–де «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «География және Табиғатты пайдалану» факультетінің «Геодезия және картография» және «Метеорология» мамандықтарының 1 курс студенттері және «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті» атты республикалық деңгейдегі дөңгелек үстелгеөтті. Дөңгелек үстел барысында, студенттер қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениетінің дамуерекшеліктерін, даму кезеңдерін қарастырып,өз ойларын білдірді. Әр елден делегаттар шақырып, Қазақ елімен, мәдениетімен байланысын анықтады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар:
- Сайра Шамахай. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивеситетінің «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Философия» кафедрасының аға оқытушысы
- Камила Мамирова. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивеситетінің 1 курс студенті
- Жамбыл Қонысбай. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 1 курс студенті
- Нина Шкарабура. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс студенті
- Жанерке Саленова. Астана ITуниверситетінің 1 курс студенті
- Аружан Сапарали. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1 курс студенті
- Нурбек Сламгазинов. Алматы энергия және байланыс университетінің 1 курс студенті
- Дильназ Балғазиева. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 1 курс студенті
Ұйымдастыру ұжымы: «География және Табиғатты пайдалану» факультетінің «Геодезия және картография» және «Метеорология» мамандықтарының 1 курс студенттері және «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы.







