«Green campus» жобасы аясындағы іс-шара
17 сәуір күні «Green campus» жобасы аясында дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушыларыAlma-Qala қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Сайран» автобекеті жағалауына ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты.
100 данаға жуық "Сиверс" сортының алма ағаштары отырғызылды.
Аталған іс-шараға қоғамдық және коммуналдық қызметтер де белсене қатысты. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты- "Жасыл қала" мәртебесіне ие болу.
Көгалдандыру-қаламыздың тұрғындары үшін экологиялық таза ортаны құру мен қамтамасыз етудегі биологиялық маңызы бар бағыт болып табылады.
Басылым күні : 21.04.2021






