«Наурыз-қазақтың ұлттық мейрамы»

Айналаңды нұрландыр жобасы аясында 15 наурыз халықаралық Наурыз мерекесіне орай дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттеріне «Наурыз-қазақтың ұлттық мейрамы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты - наурыз мерекесі, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпына үйрете отырып, ұлыстың ұлы күні наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін көрсету, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Басылым күні :  21.04.2021