Zoom желісі арқылы "100 кітап" жобасының аясында бас қосу өтті .

Адамзат қоғамы тарихында жазу-сызу басталғалы кітап бейне кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық есептеледі. Сонымен бірге, кітап ــ қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із болып қалар құнды белгі. Адамзат тарихында әр қоғам өзінің құндылықтарын әр кез соңына кітап арқылы қалдырып отырған. Шындығына келер болсақ, кітап таусылмас рухани қазынаның ең негізі, бастау алар бұлақ көзі есептеледі.Осындай ой пікірмен жастар арасында Zoom желісі арқылы "100 кітап" жобасының аясында бас қосу өтті . 

Дінтану мамандығы 4-курс студенті Әуелбек А.Н

Ғылыми жетекші : Мұқан Нұрзат PhD доктор , аға оқытушы

Басылым күні :  15.04.2021