«100» кітап жобасы аясында өткізілген іс – шара

17.03.2021 жылыәл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқутышысы Б. Б.Мейірбаев, өндірістік тәжірибе жетекшісі Әскенұлы Елнұр мен «Дінтану» мамандығының 4 курс студенті Маткулова Ж. Т. ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылығы, өмірі мен қызықты жәйттарына тоқталып, «Абай жолы» атты роман эпопеясына арналған поэзия кеші өтті. Кеш барысында атақты ақынның нақыл сөздері, роман бойынша бейне суреттері көрсетілді. Әр томға терең сипаттама берілініп, әсіресе мектеп жасындағы балаларға жазушының өмірі мен шығармаларын еске түсіру аса маңызды болды.

Басылым күні :  10.04.2021