«100 кітап» жобасы аясында «Zoom»платформасы арқылыАбай Құнанбаевтың өмірбаяны және қазақ халқының мәдениетіндегі алып отырған орны туралы«Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты ашық сабақ өтті.

19.03.2021 жылы Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы өндірістік практика жетекшісі Әскенұлы Елнұр,аға оқытушысы Мұқан Нұрзат және «дінтану» мамандығының 4 курс студенті Олжабай Нұрланның ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасы аясында «Zoom»платформасы арқылыАбай Құнанбаевтың өмірбаяны және қазақ халқының мәдениетіндегі алып отырған орны туралы«Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты ашық сабақ өтті. Студенттер Абай Құнанбаевтыңөміріне тоқталды,басқа ақындардың,ұлы адамдардың Абай атамыз жайлы айтқан ойларын талдады және Абайдың өз заманының биік парасат иесі екендігі талқыланды.

Басылым күні :  01.04.2021