«100 кітап» жобасы аясында «Zoom» платформасы арқылы Мағжан Жұмабаевтың шығармасы«Мен жастарға сенемін» атты ашық сабақ өтті.

21.03.2021 жылы Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы өндірістік практика жетекшісі Әскенұлы Елнұр,аға оқытушысы Мұқан Нұрзат және «дінтану» мамандығының 4 курс студенті Олжабай Нұрланның ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасы аясында «Zoom»платформасы арқылыМағжан Жұмабаевтың шығармасы«Мен жастарға сенемін» атты ашық сабақ өтті. Студенттер Мағжан Жұмабаев атамыздың өмірі мен шығармаларына тоқталып, махаббат пен өмір,адамның өмірдегі жағдайларға,ұлтына деген көзқарас туралы шығарманы оқу барысында алған эмоцияларымен бөлісті.

Басылым күні :  01.04.2021