2курс Дінтану мамандығының ұйымдастыруымен онлайн форматта Наурыз мейрамына орай «Ұлтымыз ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды» атты іс-шара өткізілді.
20.03.2021 күні 2курс Дінтану мамандығының ұйымдастыруымен онлайн форматта Наурыз мейрамына орай «Ұлтымыз ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды» атты іс-шара өткізілді. Жалпы бұл шарада Наурыз мейрамының тарихы, не себепті жаңа жыл деп аталуы, көрісу күні жайлы талқыланды. Негізгі ұлттық тағамы Наурыз көжеге тоқталып өтілді. Сонымен қатар бұл мейрамды басқа мемлекеттер қалай атап өтеді, өзге мемлекетте аталуы, ұлттық ойындары жайлы да қысқаша мағлұматтар берілді. Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Ұйымдастырушы: 2 курс дңнтану мамандығының куратор-эдвайзері Қаңтарбаева Ж.У.

Басылым күні : 01.04.2021






