ZOOM платформасында, 2-ші курс дінтану мамандығының студенттерімен Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына байланысты, поэзиялық жанрда кураторлық сағат өткізілді.

03.03.2021 жылы ZOOM платформасында, 2-ші курс дінтану мамандығының студенттерімен Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына байланысты, поэзиялық жанрда кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында студенттер Мұқағали Мақатаевтың сындарлы тағдырымен танысып, өлеңдерінің тарихына шолу жасады. Ақынның үздік естелігі болып қалған, рухты өлеңдері оқылып, сазды әндері де шырқалды. Студенттер ақын өлеңдерінен ізгілік пен адалдық бейнесін ашып көрсетіп,өзара пікір алмасты. Және де ақын мен оның шығармашылығына өз арнауларын арнап, кураторлық сағатты қорытындылаған болатын.

Ұйымдастырушы: 2-курс дінтану                                                                             мамандығының

   кураторы Қаңтарбаева Ж.У.


Басылым күні :  01.04.2021