ZOOM платформасында, 2-ші курс Дінтану мамандығының студенттерімен Алаш Орда автономиялы үкіметінің төрағасы, тәуелсіздік жаршысы – Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына байланысты, «Әлихан Бөкейханов – алаштың ардақтысы» атты кураторлық сағат өткізілді.

17.03.2021 жылы ZOOM платформасында, 2-ші курс Дінтану мамандығының студенттерімен Алаш Орда автономиялы үкіметінің төрағасы, тәуелсіздік жаршысы – Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына байланысты, «Әлихан Бөкейханов – алаштың ардақтысы» атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында студенттер Алаш қайраткерінің өмірбаянымен танысып, сүбелі сөздері мен терең ойларына назар аударды. Бұл сөздердің әлі де өз құндылығын жоя қоймағандығын, ата-бабаларымыздың үміттерін ақтау біздің міндетіміз екендігін атап өтті. Студенттердің арасында өзара сұрақ-жауап, талқылаулар орын алды. Ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздік туралы жыр-шумақтар айтылып, бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар, ұлт бостандығы мен зайырлылығы жолында қызмет жасаған Әлихан Бөкейхановтың бойындағы қайталанбас, асыл қасиеттерге де тоқтала кетті. Кураторлық сабақты Алаш зиялылары туралы жан тебірентер бейнебаянмен қорытындылады.

Ұйымдастырушы: 2-курс дінтану мамандығының  кураторы Қаңтарбаева Ж.У.


Басылым күні :  01.04.2021