« Ұлттық құндылықтар қазақ мәдениетінің қайнар көздері »

2021 жылдың 11 наурызында Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы аясында дінтану және мәдениеттану кафедрасы мәдениеттану мамандығының 4-курс студенті А.Е. Нурсаинова мәдениеттану мамандығы студенттерімен «Ұлттық құндылықтар қазақ мәдениетінің қайнар көздері» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптарды жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру туралы сөз қозғалды. Кездесуді ұйымдастырған А.Е. Нурсаинова студенттерді қызықтырған сұрақтарға толық жауап берді.

Басылым күні :  27.03.2021