«Жаңа гуманитарлық білім Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
2021 жылдың 25 наурызында Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында дінтану мәдениеттану кафедрасы мәдениеттану мамандығының 4 курс студенті А.Нурсаинова студенттермен және Аягөз ауданының Рухани жаңғыру штабының менеджері Галиева Жанна Мутанқызымен «Жаңа гуманитарлық білім Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ұйымдастырушы студент А.Е. Нурасинова аталмыш жобаның міндеті мен маңыздылығы, жобаның іске асуына жүргізіліп жатқан жүмыстар мен гуманитарлық бағыттың маңыздылығы жайлы дайындаған презентациясын таныстырса, Жанна Мутанқызы жоба жөнінде ой-пікірлерін білдіріп өтті. Іс-шара соңында А.Е Нурсаинова кездесуге қатысушылардың ойында туындаған барлық сауалдарына жауап берді.
Басылым күні : 27.03.2021






