«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты Республикалық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті.

2021 жылдың 5 наурыз күні сағат 16.00–де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «География және Табиғатты пайдалану» факультетінің «мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының 1 курс студенттері және «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-тұғырым» атты Республикалық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел барысында, студенттер Тәуелсіздіктің ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұлмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі екендігін айтып өтіп,Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ төгілген қанның ,төзім мен жігердің , рух пен қайраттың жалынымен келген ұлы күн деген ойларын білдірді.

Дөңгелек үстелге: Алматы қаласындағы Халықаралық Бизнес Университетінің «логистика» мамандығының 1 курс студенті-Рябильда Амина.

Нұр- Сұлтан қаласындағы Халықаралық Астана Университетінің «екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті- Абижай Аяжан.

Нұр- Сұлтан қаласындағы Назарбаев Университетінің «Foundation» мамандығының 1 курс студенті- Гумаров Рамир.

 Ұйымдастырушылар ұжымы: «География және Табиғатты пайдалану» факультетінің «мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының 1 курс студенттері және «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы.

Басылым күні :  26.03.2021