Дінтану мамандығының 4 курс студенті Оралқұл Әли Саинұлының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» жобасы аясында «ҚазҰУ – темекіден таза аймақ» атты іс-шара өткізді.
03.02.2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Д.С. Утебаева, өндірістік тәжірибе жетекшісі Әскенұлы Ельнұр мен дінтану мамандығының 4 курс студенті Оралқұл Әли Саинұлының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» жобасы аясында «ҚазҰУ – темекіден таза аймақ» атты іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: ҚазҰУ студенттерін салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Темекінің адам организміне алып келетін зиянды жақтарын түсіндіру. Іс-шараның міндеттері: Жастар арасында белең алып келе жатқан зиянды әрекеттердің болуын азайту. Іс-шара барысында темекіден арылу жолдары туралы дискусия жүрді, сонымен қатар, адам денсаулығына қандай зиянды жақтары бар екендігі туралы айтылды.







