Дінтану мамандығының 4 курс студенті Оралқұл Әли Саинұлының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «С.А. Есениннің лирикасы мен поэзиясы» атты тақырыпта әдеби-сазды кеш өткізді.

23.02.2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Д.С. Утебаева, өндірістік тәжірибе жетекшісі Әскенұлы Ельнұр мен дінтану мамандығының 4 курс студенті Оралқұл Әли Саинұлының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «С.А. Есениннің лирикасы мен поэзиясы» атты тақырыпта әдеби-сазды кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Есениннің танымал және басқа да өлеңдерін студенттерге таныстыру. Ақынның өмірге деген қөзқарасын талдау. Кеш барысында өлеңдер оқылды, презентациялар, автордың нақыл сөздері, роман бойынша суреттер сияқты көрнекіліктер қолданылды.

Басылым күні :  16.03.2021