Дінтану мамандығының 4 курс студенті Оралқұл Әли Саинұлының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» жобасы аясында іс-шара өткізді
02.03.2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Д.С. Утебаева, өндірістік тәжірибе жетекшісі Әскенұлы Ельнұр мен дінтану мамандығының 4 курс студенті Оралқұл Әли Саинұлының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» жобасы аясында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамға спорт тақырыбына үгіт-насихат жүргізу. Іс-шара барысында дінтану мамандығының студенттері «Медеу» таулы-қыратына барды, тақырыпқа байланысты газеттер, брошюралар қолданды. Таулы-қыратқа жиналған адамдармен тығыз қатынас орнату үшін спорт тақырыбында сұрақ-жауап алынды, ойындар ойнатылды.
Басылым күні : 16.03.2021






