«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Бас иеміз- ана деген тәңірге» атты іс-шара өтті.

05.03.2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Д.С. Утебаева, өндірістік тәжірибе жетекшісі Әскенұлы Ельнұр мен дінтану мамандығының 4 курс студенті Оралқұл Әли Саинұлының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Бас иеміз- ана деген тәңірге» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: Студенттерге әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Іс-шараның міндеттері: Студенттерге мереке мен мереке иелерінің маңыздылығын түсіндіру. Наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір-қасиеті туралы туралы мағлұмат беру. Студенттердің ой-өрісін, танымын, анаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту. Бір-біріне деген сезімдерін ашық айтуға дағдыландыру. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында барысында анаға арналған өлеңдер оқылды, презентациялар, әртүрлі көрнекіліктер қолданылды.

Басылым күні :  16.03.2021