«100 кітап» жобасы аясында өткен ашық сабақ
16.02.2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Д.С. Утебаева, өндірістік тәжірибе жетекшісі Әскенұлы Ельнұр мен дінтану мамандығының 4 курс студенті Оралқұл Әли Саинұлының ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасы аясында Оскар Уайльдтың «Дориан Грейдің Бейнесі» атты романы бойынша әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: Ұлы классиктің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Автордың аталған романын қарастыру. Студенттер аталған шығармадағы Дориан Грейді сипаттау арқылы еуропалық қоғам қайраткерлерінің, ірі тұлғаларының бейнесін көрсетті. Романның негізгі ойын жеткізу үшін, қойылым қойды. Кейіпкердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін таныстырып, тәрбиелік мәнін ашып берді. Презентациялар, автордың нақыл сөздері, роман бойынша суреттер сияқты көрнекіліктер қолданды. Көрермендермен тығыз қатынас орнату үшін «Kahoot» бағдарламасы арқылы ойын ойнатылды.






