«Айналаңды Нұрландыр» жобасы аясында Zoom платформасында «Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

09. 03. 2021 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының Аға- оқытушысы, өндірістік практика жетекшісі Әскенұлы Елнұр, Аға- оқытушысы Тунгатова Ұлжан Асқарқызының және 4 курс студенті Жақсылық Еңліктің ұйымдастыруымен Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ студенті оқуға тиісті «Айналаңды Нұрландыр» жобасы аясында Zoom платформасында «Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың негізгі мақсаты 175 жылдық мерейтойында ұлы ағартушымыздың мұраларын еске алып, жастарымыздың рухани мұрамен сусындауы. Ашық сабақ барысында Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен қалдырған мұрасы,еңбектері талқыланды. 

Басылым күні :  16.03.2021