«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Қазақстан мен Түркия елінің білім беру жүйесінің айырмашылығы мен ұқсастығы» атты Халықаралық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстелөтті.
«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында 2021 жылдың 27 ақпан күні сағат 16-00 де «География және Табиғатты пайдалану» факультетінің 1 курс студенттері және «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан мен Түркия елінің білім беру жүйесінің айырмашылығы мен ұқсастығы» атты Халықаралық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстелөтті.Дөңгелек үстел барысында, студенттерҚазақстан мен Түркия елінің білім беру жүйесінің айырмашылығы мен ұқсастығын жан-жақты зерттеп,Түркия елінде оқитын студенттермен танысып, ашық сұхбат өткізді. Онлайн оқу кезіндегі жастардың қызығушылығымен таныстық.
Дөңгелек үстелгеқатысушылар:
Туркия Республикасы, Неджметтин Ербакан университетінің 1 курс студенті Жадыра Түсіпханқызы;
Туркия Республикасы, Мугла университеті, «Экономика» факультетінің студенті Сәлімова Аида;
Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3 курс студенттері, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Әлеуметтану» кафедрасының оқытушылары мен докторанттары;
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университеті «Жаратылыстану және География» институты «География, экология және туризм» кафедрасы 1 курс студенттері;
Ұйымдастырушылар ұжымы:География және Табиғатты пайдалану» факультетінің 1 курс студенттері және «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы.







