«Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен атқарар қызметі» онлайн-дәрісі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-наурызда «Алғыс айту» күніне орай Қазақстан Халқы Ассамблеясының 26 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен атқарар қызметі»жайында кафедра оқытушысы Серғазы Құдайбергенов мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттеріне дәріс оқыды.
Онлайн-дәрістің мақсаты студенттерді Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органның қызметімен таныстыру болып табылады, оның міндеті ұлттық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруға ықпал ету, сонымен қатар студенттерге олардың рөлін түсіндіру.
Студенттер өз кезегінде Ассамблея жұмысына қатысты сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

Басылым күні : 07.03.2021






