«Салтым – асыл қазынам!» атты тәрбиелік сағаты өтті

2020 жылдың 12 қазанында «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенттерімен Қазақтың баға жетпес байлықтары «Салтым – асыл қазынам!» атты тәрбиелік сағаты онлайн Zoom платформасындаөткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты:Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.

Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері.

Қатысушылар: Философия және саясаттануфакультеті,2 курс «Мәдениеттану » мамандығының студенттері

Ұйымдастырушы: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Есболова М.А.

Басылым күні :  19.02.2021