«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында ұйымдастыруымен «Пандемия кезіндегі жастардың бос уақытын өткізу мәдениеті» атты Республикалық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті.

«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында 2021 жылдың 13 ақпан күні сағат 10.30- да«Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы, «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенттері және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Пандемия кезіндегі жастардың бос уақытын өткізу мәдениеті» атты Республикалық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында, студенттер өз ойларымен бөлісіп, пандемия кезіндегі жастардың қызығушылығымен таныстық.

Дөңгелек үстелге: Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті,«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3 курс студенттері, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті,«Әлеуметтану» кафедрасының оқытушылары мен докторанттары; ҚазҰлтҚызПУ, «Тарих және шетел тілдері» институты,«Тарих» мамандығының 3 курс студенттері; «Тұран университеті» мекемесі. «Гуманитарлы заң» факультеті,«Халықаралық қатынастар және аймақтану» кафедрасы,«Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасы» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

 Ұйымдастырушылар ұжымы:«Философия және саясаттану» факультеті, «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенттері және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы.

Басылым күні :  17.02.2021