«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

15.04.2021 ж. ZOOM алаңында дінтану мамандығының 2 курс студенттерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта деструктивтік діни ағымдардың жастарды дінге тарту амалдары мен тәсілдері талқыланды. Студенттер «На краю» атты көркем фильм негізінде қазіргі жастарды әлеуметтік желілер арқылы деструктивтік діни ағымдардың дінге тарту жағдайын көрсете отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шараларды талқылай отырып, өз көзқарастары мен ұсыныстарын білдірді. Кураторлық сағат мазмұнды және тәрбиелік жағынан өте қызықты өтті.

Куратор-эдвайзер Қаңтарбаева Ж.У.

Басылым күні :  17.02.2021