2 курс «Дінтану» мамандығының студенттері «Әлеуметтік желідегі сөз мәдениеті» тақырыбында шара өткізді.

ZOOM  платформасында  2 курс «Дінтану» мамандығының студенттері  «Әлеуметтік желідегі сөз мәдениеті» тақырыбында  шара  өткізді. Студенттер қазіргі онлайн режиминдегі виртуалды кеңістіктің белсендетілуі жайында және оның жастар санасын қалыптастырудағы рөлі жайында сөз қозғап, әлеуметтік желідегі сөз мәдениетін қарастырды.  Әлеуметтік желідегі ортақ слэнгтердің, смайликтердің, «каксын» деген сияқты орысша сөздердің қазақшалап айтылуын -  сөз бен ойдың қысқаруына алып келетіндігі, сөз мәдениетінің дағдарысқа ұшырауын ерекше атап өтті. Сонымен қатар тіл мәдениетінің, сөз мәдениетінің ұлылығын ұлықтайтын ғұламалардың ойларын келтіріп, қанатты сөздермен бекітті.

Басылым күні :  07.02.2021