«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин исламтану мамандығының 3 курс студенттерімен онлайн форматта кездесу өткізді

2020 жылдың 9 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Е.Әскенұлының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы діни ахуал» пәні аясында Ақтөбе облысы дін істері басқармасының «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының исламтану мамандығының 3 курс студенттерімен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында Н.Берікұлы студенттерге Ақтөбе облысында дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, облыстағы діни ахуалдың ерекшеліктері, бүгінгі таңда дін саласында қызмет атқаратын мамандарға қойылатын талаптар туралы кең көлемді ақпараттар берді. Болашақ исламтанушы студенттер де жоғары белсенділік танытып, Н.Берікұлына өздерінің көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Басылым күні :  11.01.2021