Алматы облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы С.Жаңабай исламтану мамандығының 3 курс студенттерімен онлайн форматта кездесу өткізді

2020 жылдың 11 қарашасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Е.Әскенұлының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы діни ахуал» пәні аясында Алматы облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы С.Жаңабай исламтану мамандығының 3 курс студенттерімен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында С.Асқарұлы студенттерге Алматы облысында дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, облыстағы діни ахуалдың ерекшеліктері, дін саласында қызмет атқаратын мамандарға қойылатын талаптар туралы кең көлемді ақпараттар берді. Өз кезегінде болашақ исламтанушы студенттер де жоғары белсенділік танытып, дін саласындағы бірқатар түйткілді жайттар бойынша С.Асқарұлына сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Басылым күні :  11.01.2021